425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АХҚО-ға тағы бір компания қосылды

  • 350
  • UPD: 18:19, 04.03.2020
АХҚО-ға тағы бір компания қосылды

Франция мен Германияның бірлескен компаниясы алғаш рет Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелді. «Берг энд Молл» халықаралық адвокаттық кеңсесі Қазақстанда өз бөлімдерін ашқанын жариялайды.

Халықаралық заңдылық саласындағы мамандар тобы Астана қаржы орталығында Жаңа Жібек Жолы жобаларына қолдау көрсетіп, Қазақстан экономикасына қаражатын құятын инвесторларды сүйемелдеумен айналысады. 

Клаудиа Фон Зелле, халықаралық адвокаттық кеңсенің құрылтайшысы:

- Біз Қазақстанды біраз уақыт зерттедік. Германияда инвестициялармен айналысатын қытайлық клиентіміздің арқасында, соңғы жылдары Қазақстан инвестиция тарту үшін үлкен еңбек атқарғанын көрдік. Елдеріңіз құқықтық орта құру және инвесторларды қорғау мақсатында зор қадам жасаған. Бұл Қазақстанға инвесторларға ең қолайлы елдер қатарында 25-орын иеленуге жол ашты.

Хабар 24 телеарнасы