445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде балабақшада робототехника кабинеті ашылды

  • 127
  • UPD: 14:17, 05.03.2020
Өскеменде балабақшада робототехника кабинеті ашылды

Шығыс Қазақстан облысында мектеп оқушыларын қойып, енді балабақша бүлдіршіндері де робототехника жайлы біліп өсетін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өскеменде осымен үшінші мектепке дейінгі мекемеде арнайы кабинет ашылды. Айта кету керек, бүгінде облыста 655 мектеп ақпараттық технология сыныптарымен жабдықталған. Мектепке дейінгі мекемелер де олардан қалысар емес. Кабинетті жабдықтауға 1 миллион 200 мың теңгеден астам қаражат бөлінді. Кедергілерден өтуге үйрететін «Ботли» роботы, жарысқа арналған тышқан немесе математикалық пойыз бен түрлі конструкторлар балалардың назарын бірден аударды. Дегенмен негізгі мақсат – баланы балалық шақтан айырмау, олардың бойына адами құндылықтарды көбірек сіңіру дейді тәрбиешілер. Сол себепті ересек топ бүлдіршіндері бұл жерге аптасына 1 рет қана келеді. Аталған құрылғылар олардың жасына сай жеңіл тапсырмалармен жұмыс істейді.

Лунара Қайратқанова, №9 балабақша-бөбекжайының әдіскері:

– Балалар белсенділікпен ойнауда, әсіресе роботтар жарысқа түскен кезде балалар бір-бірімен жарысып, белсенділіктерін жоғары деңгейде көрсетуде.

Хабар 24 телеарнасы