411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Ақмола облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр

  • 269
  • UPD: 15:24, 07.03.2020

Алматы ауданындағы «Аспан базарының» 4300 шаршы метр сауда алаңы сатушылар үшін екі күнге тегін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер ірі қараның етін 1800 теңгеден, жылқыныкін екі мыңнан сатып жатыр. Картоп 85 теңге. Сүт өнімдері, құс еті, жұмыртқа мен шұжық та мол. Айта кетейік, алдағы апталарда елордада Қарағанды мен Павлодар облыстарының жәрмеңкесі өтеді.

Ғалымжан Әбдіхалықов, Ақмола облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары:

- Талапқа сай келеді. Біздің келген мал мен ет өнімдерінде, картоп өнімдерінің барлығын ветеринарлық экспертиза арқылы мамандар өткізіп жатыр. Жалпы негізі санитарлық жағынан осындай жабық базарда сатқан дұрыс деп есептеймін. Естеріңізде болса, былтырлары біз ашық алаңда сатып, онда кішкене енді, ашық алаңның аты ашық алаң. Бүгін жабық, жақсы, жылы. Сатып алушыға да, сатушыға да ыңғайлы.

Осы жәрмеңкеде жергілікті әкімдікпен бірге мерекелік сауда-саттықтың өтуіне ұйытқы болып жүрген «НұрКөмек» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін азық-түлік таратты.

Раушан Нұрбикенова, қала тұрғыны

Мейрамда да міне, құттықтап жатыр. Бізге осындай жеңілдіктер жасап көмектесіп жатқанда көп көп рахмет. Барлық әйел қауымын келе жатқан мейрамымен құттықтаймын.

Хабар 24 телеарнасы