443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бекшиннің коронавирус туралы болжамы қате болуы да мүмкін – Біртанов

  • 220
  • UPD: 23:53, 10.03.2020

«Коронавирус Қазақстанға да жетуі мүмкін» деген сөзге еліміздің денсаулық сақтау министрі әлеуметтік желіде пікірін білдірді.

Елжан Біртанов фейсбукте: «Инфекция 115 мемлекетте тарады. Оның ішінде біздің көршілеріміз, әуе қатынасы орнаған мемлекеттер бар. Сондықтан індет елге келуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз» деп жазды.

Министр аурудың бізде таралмауы үшін Үкімет тиісті шараларды қабылдап жатқанын да атап өтті: «Бүгінде елімізде коронавирустың бірде-бір дерегі тіркелген жоқ. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің «кононавирус Қазақстанға да жетуі мүмкін» деген сөзі ғалымдардың болжамы ғана. Ол қате болуы да мүмкін».

Хабар 24 телеарнасы