413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус: мамандар тазалық шараларын қатаң сақтауға шақырды

  • 649
  • UPD: 14:05, 11.03.2020
Коронавирус: мамандар тазалық шараларын қатаң сақтауға шақырды

Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекцияға қатысты жағдай тұрақты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Теміржол вокзалы мен шекарадағы өткізу бекеттері бақылауда. Халықаралық әуе рейстерімен келген азаматтарға күшейтілген санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіледі.

Айта кету керек, коронавирустық инфекцияға қатысты сауалдар нақты мәліметтерді 1406 колл-орталығына хабарласып алуға болады. Мамандар бұл жағдайға қатысты ешбір жалған ақпаратқа сенбеуге, барынша тазалық шараларын қатаң сақтауға шақырып отыр.

Мұхамғали Арыспаев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД басшысы:

– Ең бірінші, алдын алу шараларының бірі қолды және бетті күнделікті сабынмен жуу, спирттік антисептиктерді қолдану, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, сырқат адамдармен қатынаста болмау, егерде суық тиіп ауыратын жағдай болса, онда медициналық жәрдемді шақыру жөнінде бізде облыстағы тұрғындарға тиісті алдын алу шараларын айтып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы