447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семей іргесіндегі саяжайлар мен шағын аудандар күндіз-түні бақылауда

  • 105
Семей іргесіндегі саяжайлар мен шағын аудандар күндіз-түні бақылауда

Шығыс Қазақстанда да тасқынның алдын алу жұмыстары қауырт, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінге дейін өңірдегі 7 ауданда 70 мың текше метр мұз жарылды. Су басу қаупі бар елді мекендерден осы қыста 800 мың шаршы метр қар шығарылыпты. Құтқарушылар инерттік материалдар мен техникасын дайындап, тасқынның алдын алуға сақадай сай отыр. Көктем сайын су жайылатын Семей қаласының іргесіндегі саяжайлар мен шағын аудандар күндіз-түні бақылауда.

Дмитрий Титов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Қазір мұз біртіндеп күндіз-түні еріп жатыр. Астынан шайылып, кейбір жерлерде су мұздың үстіне шықты. Бұл кезеңнен де ешқандай төтенше жағдайға ұрынбай өтеміз деп ойлаймын. Бірақ оған қарамастан тасқынға тосқын шаралары күнде жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы