413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бас санитарлық дәрігер коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша қосымша шараларды енгізді

  • 782
  • UPD: 22:27, 14.03.2020
Бас санитарлық дәрігер коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша қосымша шараларды енгізді ortcom.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында Бас санитарлық дәрігер Жандарбека Бекшиннің қаулысы жарияланды.

Қазақстан Республикасында  коронавирустық инфекцияның  таралуына жол бермеу бойынша қосымша шаралар енгізу туралы

Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар үшін карантин түрін тағайындау тәртібі бекітілсін.

  1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері:

1) COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастар үшін қосымша провизорлық стационарлар ашуды;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен немесе жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін карантиндік стационарлар ашуды;

3) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес нұсқаулықты сақтай отырып, коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен немесе жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.

  1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19 ауыратын науқастарды және COVID-19 ауруына күдікті науқастарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарда жеке төсектер бөлуді;  

2) пациенттердің күнделікті ағымын (басқа нозологиялық аурулар бойынша) COVID-19 ауруына күдікті пациенттердің қиылысуын болдырмай, бөлуді;

3) COVID-19 ауыратын науқастарды жұқпалы аурулар стационарында емдеуді;

4) СОVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастарды провизорлық стационарда емдеуге жатқызуды және медициналық тексеруді;

5) COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастарды зертханалық тексеруді;

6) үйде оқшаулау жағдайы болмаған кезде коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен немесе жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды карантиндік стационарда оқшаулауды;

7) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес оқшаулау жағдайлары болған кезде коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен немесе жұқтырған адамдармен жақын байланыста болған адамдардың үй карантинін;

8) үй карантиніндегі адамдар үшін медициналық ұйымдарға бармай уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын (еңбекке жарамсыздық парағын) ресімдеуді;

9) қалған байланыста болған адамдарды қашықтықтан медициналық бақылауды қамтамасыз етсін.

  1. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі департаментінің, аумақтық департаменттерінің басшылары:

1) байланыста болған адамдарды оқшаулаудың жүргізілуін, сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;

2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды, сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қол қойғыза отырып хабарлама жасауды;

3) бірінші және екінші деңгейдегі байланыста болған адамдар тобын  және эпидемияға қарсы іс-шаралар көлемін 48 сағат ішінде анықтай отырып, COVID-19 әрбір жағдайын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін.

  1. Ұлттық сараптама орталығы:

1) COVID-19 ауыратын науқастар мен байланыста болған адамдарды зертханалық тексеруді;

2) COVID-19 ошақтарын дезинфекциялық өңдеуді қамтамасыз етсін.

  1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің басшылары байланыста болған адамдарды іздестіруге, оларды провизорлық және карантиндік стационарға оқшаулауға, сондай-ақ провизорлық және карантиндік стационарларды күзетуге жәрдем көрсетсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының  Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                           Ж. Бекшин

 

COVID-19 жұқтыру  тәуекелі жоғары болған адамдар үшін карантин түрін тағайындау тәртібі (1-қосымша)

 

COVID-19 короновирустық  инфекциясын жұқтыру  тәуекелі жоғары болған адамдар тәуекел дәрежесіне байланысты жақын және мүмкін болатын байланыс деп бөлінеді. COVID-19 расталған жағдайының жақын байланысы:

-COVID-19 жағдайымен бір үй-жайда  бірге тұратын адам;

-COVID-19 жағдайымен тікелей дененің жанасуы болған адам (мысалы, қол алысу);

-COVID-19 жағдайының инфкциялық бөлінділерімен қорғалмаған  тікелей байланыста болған адам;

-COVID-19 жағдайымен  2 метр жақын және 15 минут бетпе-бет болған адам;

-COVID-19 жағдайымен кемінде 2 метрден жақын қашықтықта  15 минут және одан да астам уақыт жабық үй-жайда бірге болған адам (мысалы, сынып, кеңес өткізуге арналған бөлме, ауруханадағы күту бөлмесі және т.б.);

-COVID-19 жағдайында тікелей күтімді қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа да адам немесе ұсынылған жеке қорғаныш құралдарынсыз не жеке қорғаныш құралдарын қолданудың бұзылуы мүмкіндігімен COVID-19 жағдайының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары;

-халықаралық қатынастағы ұшақта, автобуста немесе бір купеде (поезда)  COVID-19 жағдайынан кез келген бағыттағы екі орындық                              ара-қашықтықта байланыста болған адам, сондай-ақ COVID-19 жағдайымен ұшқан ұшақта секцияға қызмет көрсеткен экипаж мүшелері ретінде айқындалады.

-Эпидемиологиялық байланыстың болуы COVID-19 жағдайының ауруы (симптомдарының пайда боулы) басталғанға дейін 14 күн бойы қаралады.

Мүмкін болатын байланыс:

-бұл 1А немесе 1Б санатына жатқызылған елдерден/аумақтардан келген адам;

-ұшақта, поезда, автобуста COVID-19 жағдайында болған немесе олармен жақын байланыста болмаған адамдар.

-Жақын және мүмкін болатын байланыста болған адамдар карантинге жатқызылады:

  1. COVID-19 жағдайымен жақын байланыста болған адамдар бір отбасының мүшелерін қоспағанда карантиндік стационарға (изолятор) орналастырылады.
  2. Бір отбасы мүшелері болып табылатын COVID-19 жағдайының жақын байланыста болған адамдары үйдегі карантинде болуы тиіс.
  3. 1А санатындағы елдерден келген мүмкін болатын байланыстағы адамдар карантиндік стационарға (изолятор) орналастырылады.
  4. 1Б санатындағы елдерден келген мүмкін болатын байланыстағы адамдар үйдегі карантинде болуы тиіс.
  5. Халықаралық қатынастағы ұшақта, поезда, автобуста COVID-19 жағдайымен бірге мүмкін болатын байланыста болған, бірақ олармен жақын байланыста болмаған адамдар үйдегі карантинде болу тиіс.

 

ІІ. Байланыста болған адамдарды тасымалдау тәртібі

  1. Клиникалық белгілері бар байланыста болған адамдар провизорлық стационарға (бөлімше) жедел медициналық жәрдем машинасымен жіберіледі.
  2. Тұрғылықты, орналасқан жері бойынша өзін-өзі оқшаулауға жағдай болмаған жағдайда, ұзақ байланысатын адамдар жергілікті атқарушы орган айқындаған карантинге тасымалданады.
  3. Байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін карантиндік стационарларға қойылатын ең аз талаптар осы қаулыға 2-қосымшада белгіленген.
  4. Байланыста болған адамдарды карантинге тасымалдау арнайы көлікпен (автобус, шағын автобус) жүзеге асырылады, мүмкіндігінше жүргізуші кабинасын салоннан оқшаулап, бүріккішпен, дезинфекциялауға арналған мүкәммалмен және құралдармен, медициналық қалдықтарды жинауға арналған, бір реттік құралдар үшін қорғаныш маскаларының қорымен байланыста болған адамдар үшін жабдықталады.
  5. Медициналық қызметкерлер, арнайы көлік құралының жүргізушісі көзілдірік, N95 үлгідегі респиратор-маскалармен жиынтықта жеке қорғаныш құралдарында (ЖҚҚ) жұмыс істейді, жеке антисептиктермен қамтамасыз етіледі.
  6. Байланыста болған адамдарды тасымалдау жеке қорғаныш құралдарында эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.
  7. Карантиндік стационарларда арнайы көлік құралдары әрбір тасымалдағанға дейін және одан кейін жуылуы және дезинфекциялануы тиіс, қызметкерлердің қорғаныш және жұмыс киімдері тасымалдау аяқталғаннан кейін вирустық режим бойынша дезинфекцияланады.
  8. Медициналық ұйымдарда дезинфекцияны олардың персоналы жүргізеді. Зарарсыздандыруға сондай-ақ науқасты тексеріп-қарауды жүргізген персоналдың киімі және медициналық құрал-саймандар жатады.
  9. Карантиндік стационарды тәулік бойы полиция қызметкерлері нарядтармен байланыста болғандарды, келушілерді, көлікті, заттарды, өнімдерді және т. б. кіргізуді/шығаруды қатаң бақылау үшін қамтамасыз етеді. Полиция нарядтары жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі және жұмыс істейді.

COVID-19  науқастарымен байланыста болғандарды оқшаулау үшін карантиндік стационарларға қойылатын талаптар (2-қосымша)

 

  1. Объект оқшауланған үй-жайларда (санаторий, оңалту орталығы, жатақхана, қонақ үй, балалар және спорт лагерлері және т.б.), қажет болған жағдайда ұзақ байланыста болған адамдарды оқшаулау және бақылау үшін арнайы бейімделген болуы тиіс.
  2. Ғимараттың орналасуы - жеке тұрған, қала шегінде және тұрғын үй алабы мен стратегиялық ғимараттардан алшақ.
  3. Ғимараттың түрі-қалыпты сыртқы эстетикалық түрі болуы тиіс, іші-санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес болуы тиіс, қоршауы, жеке кіреберіс жолдары мен өткізу пункті болуы тиіс.
  4. Көлікті жуу және дезинфекциялау пункті аумағында кіруі/шығуы кезінде дезкедергі ұйымдастырылады.
  5. Объект ғимаратында табиғи желдеткіштің болғаны дұрыс.
  6. Автомашиналардың келу бағытын, ғимарат ішінде маршруттауды, пациенттерді палаталар бойынша қарсы алуды және орналастыруды, болу тәртібі мен шарттары (ақпараттық парақтың нысаны қоса беріліп отыр) туралы ақпараттандыруды пысықтау қажет.
  7. Ғимаратқа кіреберісте КВИ-ға күдікті адамдарды қабылдауға арналған жеке кабинет (холл), үстелдердің, орындықтардың, кушеткалардың, сканері бар компьютерлік ұйымдастыру техникасының болуы, интернет пен телефон байланысы міндетті түрде қосылуы тиіс.
  8. Палаталар жарықтандырылған, жақсы желдетілетін, жылы, 1-2 пациентке есептелген, жеткілікті жайлы жатын орны бар болуы тиіс, бұл ретте балаларға арналған ұйықтайтын орындарды (төсектегі ернеулерді), сондай-ақ отбасылық жұптарға арналған жеке палаталарды қарастыру қажет.
  9. Келушілердің заттарын санитариялық өңдеуге арналған жеке бөлме және зарарсыздандырылған заттарды сақтауға арналған жеке бөлме.
  10. Консультативтік сипаттағы қоңырауларды қабылдау үшін байланыс құралдарымен жабдықталған Call-орталықтың болуы.
  11. Санитариялық тораптардың, сондай-ақ ыстық және суық суы бар себезгі кабиналарының жеткілікті саны болуы тиіс.
  12. Тарату асүйі бар асхана болуы керек. Дұрыс тамақтануды ұйымдастыру қажет.
  13. Қызметкерлердің - бейінді дәрігерлердің, мейіргерлердің, зертханашылардың, эпидемиологтардың, тіркеушілердің, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің, кіші медициналық персоналдың (50-ге дейінгі обервациялық – 1 дәрігер, 1 мейіргер, 2 санитар) қажетті санын анықтау.
  14. Медициналық қызметкерлерді көзілдірікпен, М 95 респиратор-маскасымен, жеткілікті мөлшерде дезинфекциялық құралдарымен, жеке гигиена құралдарымен (сабын, қағаз сүлгілер), бір рет қолданылатын маскалармен, төсек-орын жиынтықтары, келушілерге арналған ауысымдық іш киіммен (ерлер, әйелдер, балалар) қамтамасыз ету.
  15. Санитариялық-эпидемиологиялық ережелерді, гигиенаны, құпиялылықты, этиканы және деонтологияны сақтау бойынша әр қызметкермен нұсқама беруді қамтамасыз ету. Диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес КВИ күдігі бар адамдарды қадағалау және жүргізу ерекшеліктері бойынша қызметкерлерге нұсқама беруді қамтамасыз ету.
  16. Дәрілік заттармен және ММБ (спирттік қалта антисептиктер, градусниктер және т. б.) қажетті қорымен қамтамасыз ету.
  17. Тексеру жүргізуге, олардың санитариялық-эпидемиологиялық ережелерді сақтауына, смартфондар мен жеке бас заттарын санитариялық және гигиеналық өңдеуге уақытша алуға келуші ақпараттық келісім парағымен қамтамасыз ету. Келушілердің жеке заттарын және өңдеуін қамтамасыз ету бойынша жауапты қызметкерді анықтау.
  18. Тіркеушілерге келушілердің деректерін толтыру үшін нысандар берілсін.
  19. Емдеуге жатқызу кезінде адамдарды келген соң тұрғылықты жері бойынша одан әрі амбулаториялық бақылау мақсатында МСАК деңгейлерімен өзара іс-қимыл және сабақтастықты қамтамасыз ету үшін БХТ бойынша сәйкестендіру керек.

COVID-19 әлеуетті эпидемиялық тәуекелі бар адамдарды үйде оқшаулау (3-қосымша)

(үй карантині) қағидалары

 

Негізгі талаптар:

Үй карантині 1б санатындағы елден шыққан күннен бастап немесе COVID-19 ықтимал немесе расталған жағдайымен соңғы жақын байланыста болған сәттен бастап 14 күнге созылады.

Үй карантинінің мақсаты – аурудың әлеуетті көзінен COVID-19-ды ықтимал жұқтырудың алдын алу және осылайша Қазақстанның аумағында коронавирустың таралуын болдырмау.

 

Үй карантинін ұйымдастыру үшін тұру жағдайларына қойылатын талаптар:

Үй карантині мынадай талаптар/жағдайлар сақталған кезде болуы мүмкін:

  1. Жеке пәтер (жеке дәретханасы бар жеке бөлме) бар, онда байланыста болған адам(дар) көршілерден (отбасының басқа мүшелерінен) бөлек бола алады.
  2. Пациент және отбасының / үй шаруашылығының басқа мүшелері тиісті ұсынылған жеке қорғаныш құралдарына (кем дегенде қолғаптар мен бет маскасына) қол жеткізе алады және сақтық шараларын (мысалы, респираторлық гигиена және жөтел әдебі, қол алысу) сақтауға қабілетті.
  3. Үй шаруашылығында COVID-19 инфекциясынан кейін асқыну қаупі жоғары (65 жастан асқан адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіреген немесе жүректің, өкпенің немесе бүйректің созылмалы аурулары бар адамдар) адамдар жоқ.

4.Стационарлық телефонға немесе ұялы байланысқа қол жеткізу мүмкіндігі бар.

5.Үй карантинін сақтау шарттарын міндетті түрде орындау туралы қол қойылған қолхаттың болуы.

6.Адам міндеттемелерді алуға келіскен жағдайда, оны сақтау туралы қолхатта жеке қолымен растайды.

Көрсетілген талаптарды сақтау мүмкін болмаған жағдайда карантин карантиндік стационарларда жүзеге асырылады.

 

Үй карантиніндегі адамға арналған нұсқаулықтар

  1. Үйден шықпау.
  2. Есігі жабық жеке, жақсы желдетілетін бөлмеде болу. Тек қажетті рәсімдер үшін және қысқа уақытқа ғана бөлмеден шығуға рұқсат етіледі; бұл ретте ауыз бен мұрын маскамен жабылуы тиіс.
  3. Вирустың таралуын болдырмау үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды бір рет қолданылатын қол орамалымен немесе шынтақты бүгіп жабу. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе спирт негізіндегі антисептикалық затпен дезинфекциялау.
  4. Қолды сабынмен жуу немесе тамақ дайындағанға дейін және одан кейін, тамақ алдында және дәретхананы пайдаланғанға дейін және одан кейін спирт негізіндегі антисептикалық затпен дезинфекциялау. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды пайдаланған дұрыс.
  5. Мүмкіндігінше жеке дәретхананы пайдалану.
  6. Температура немесе респираторлық симптомдар пайда болған кезде және кез келген медициналық проблема болған кезде карантин туралы хабарлай отырып және жүгіну себебін көрсете отырып, КВИ бойынша колл-орталыққа немесе жедел жәрдемге қоңырау шалу.

 

Үй карантині қамтамасыз етілетін үй шаруашылығы мүшелеріне арналған нұсқаулықтар

Карантин бөлмесіне кіретін үй шаруашылығы мүшелерінің санын қысқарту ұсынылады, артықшылық созылмалы аурулардан зардап шекпейтін бір дені сау адамға берілуі тиіс.

  1. Үйге келушілер болмауы тиіс.
  2. Үй шаруашылығының барлық мүшелері қолдарын жиі жууы тиіс.
  3. Карантин бөлмесіне кіру кезінде ауыз бен мұрынды тығыз жабатын медициналық маска кию қажет. Егер маска ылғалданған немесе ластанған болса, оны дереу жаңа таза құрғақ маскамен ауыстыру қажет. Масканы тиісті техниканы пайдалана отырып, яғни оның алдыңғы бөлігін ұстамай шешу. Пайдаланғаннан кейін масканы дереу шешіп, қолды жуу керек.
  4. Карантиндегі адаммен және ластанған беттерді, киімді және төсек-орын жабдығын қоса алғанда, карантин бөлмесімен кез келген қарым-қатынаста болғанда бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалану.
  5. Күн сайын карантиндегі адамның бөлмесіндегі беттерді тазарту және дезинфекциялау.
  6. Карантиндегі адамның барлық кір киім-кешегін жуғанға дейін өзінің бөлмесінде осы үшін бөлінген пакетте ұстау қажет. Жууды әдеттегі жуу құралымен жүргізу қажет.
  7. Карантиндегі адамның заттарын бірге пайдаланудан бас тарту керек.

 

 

Үй карантиніндегі отбасының/үй шаруашылығының барлық мүшелері үшін нұсқаулық:

  1. Барлығы күніне кемінде 2 рет дене температурасын өлшеу керек.
  2. Үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету.
  3. Күн сайын ылғалды тазалау.
  4. Жиі қолды сабынмен жуу немесе спирттік негізде антисептикпен өңдеу. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды қолданған жөн.
  5. Отбасының/үй шаруашылығының әрбір мүшесіне жеке ыдыс-аяқ, жеке гигиена құралдарын пайдалану.
  6. Бөгде адамдардың баруын болдырмау.
  7. Вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын сулықпен, түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуыңыз немесе спирттік негізде антисептикпен өңдеңіз.
  8. Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде температура немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде, карантин туралы хабардар етіп және өтініш беру себебін көрсете отырып, колл-орталыққа дереу хабарласу немесе жедел жәрдем шақыру.

 

Үй карантинін сақтау шарттарының міндетті түрде

орындалуы туралы қолхат

 

Елді мекен  ________________                                     2020 жылғы  «___» ______

 

Мен ______________________________________, ЖСН: _________________,

                                                                  (Т.А.Ә. (бар болған кезде)

__ __ ____ жылы ҚР ІІМ/ӘМ берген № _________________төлқұжат/жеке куәлік, ____________________________ мекенжайында тіркелген, нақты ___________________________________ мекенжайында тұрады. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы _________№ ___- БМСД қаулысының 3-қосымшасымен бекітілген COVID-19  эпидемиялық тәуекелі жоғары адам ретінде үйде оқшаулау (үй карантині) ережелерін сақтау бойынша міндеттемелерді өзіме қабылдаймын.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыреті шегінде заңды талаптарын немесе қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылықтың болуы туралы хабардар етілдім.

ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәліметтерді, ақпаратты беруден бас тарту не дәйексіз ақпарат беруден бар тарту арқылы көрінген кедергі келтіруге тыйым салу туралы хабардар етілдім.

Сондай-ақ, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бар екендігі туралы хабардар етілдім.

 

Күні:_________

Қолы____________

Хабар 24 телеарнасы