426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Денсаулық сақтау министрлігі халықтың дәрігерлер нұсқауын орындауын өтінеді

  • 303
  • UPD: 21:32, 16.03.2020
Денсаулық сақтау министрлігі халықтың дәрігерлер нұсқауын орындауын өтінеді

Елде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін сақтық шаралары күшейтілді. Әсіресе медицина қызметкерлеріне артылар жүк ауыр болып тұр.

Барлық емдеу мекемелері төтенше жағдай режиміне көшті. Осы орайда денсаулық сақтау министрлігі халықтан дәрігерлердің барлық нұсқауын орындап, қажетті ақпаратты дер кезінде беруді сұрайды. Ауру белгісі байқалған бойда дәрігердің көмегіне жүгінген жөн. Сондай-ақ тек министрлік тарататын ресми ақпаратқа сенуге шақырады. Әлеуметтік желіде тарап жатқан түрлі қауесеттің негізсіз екенін хабарлады. Ауру туралы немесе карантинде жатқан адамдар туралы жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады.

Хабар 24 телеарнасы