476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодарда антисептикалық құралдарды қымбат бағамен сатқандар ұсталды

  • 600
  • UPD: 21:50, 20.03.2020
Павлодарда антисептикалық құралдарды қымбат бағамен сатқандар ұсталды

Павлодарда дезинфекциялық препараттарды қымбат бағамен сатып жүрген топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар 1 литрлік құтыға құйылған антисептиктерді қала көшелерінде және сауда орындарының маңайында сатқан. Тапсырыс болса, тауарды аса ірі көлемде тауып беруге уәде еткен. Қазір зарарсыздандыру заттары алыпсатарлардың қолына қалай түскені анықталып жатыр.

Жоламан Қиналбеков, экономикалық қылмыстарды тергеу департаментінің басқарма басшысы:

- Жедел іздестіру шараларында 212 литр көлемінде дезинфекциялық, антисептикалық құралдар сатылған. Әр литрді 4 мың теңгеден сатқан. Негізгі бағасы 2,5 мың теңгеден сатылуы керек болатын. Ал, қазіргі уақытта мына Павлодар облысы әкімшілігі оны дайындаушы және өндіруші кәсіпорындармен бірлесіп, бағаны төмендету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы