420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пандемия кезінде қолды қалай жуу керек: Біртанов #SafeHands челленджін қолдады

  • 634
  • UPD: 23:09, 22.03.2020
Пандемия кезінде қолды қалай жуу керек: Біртанов #SafeHands челленджін қолдады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-парақшасында пандемия жағдайында қолды қалай жуу керектігін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті достар! Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы доктор Тедрос бастаған #SafeHands челленджді мен де қолдаймын!

Коронавирус инфекциясын жұқтырмаудың өте қарапайым жолдарын еске салғым келеді. Ең алдымен қолды жиі сабынмен 20 секунд жуу қажет. Төмендегі видеороликте қолды дұрыс жуу әдісін көрсетемін. Сонымен қатар мынадай қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн: аса қажет болмаса үйден шықпауға тырысыңыз; өзіңіз қонаққа бармаңыз және қонақ шақырмаңыз; бөлмелерді күніне кем дегенде 2 рет желдетіңіз; үйді күнде ылғал шүберекпен тазалаңыз. Дендеріңізге саулық тілеймін!», - деп жазды министр.

Хабар 24 телеарнасы