447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда корей отбасы Наурыз мерекесін атап өтті

  • 89
Ақтауда корей отбасы Наурыз мерекесін атап өтті

Ақтауда тұратын кәріс отбасы әз Наурыз мейрамын ақ дастархан басында қарсы алды.

Осы жоралғы Маңғыстау өңірін мекен еткен кәріс ұлттық мәдени орталығының мүшелері үшін дәстүрге айналған. Мәселен, Антонина Огай есімді қала тұрғыны биылғы көктем мерекесін өз үйінде қарсы алуды ұйғарыпты. Айтуынша, Ұлыстың ұлы күні үстелге наурыз-көже мен бауырсақ және корейдің ұлттық тағамдары қойылады. Иелері қонақжай баспана есігі Наурыздан басқа күндері де ағайын-туыс пен көрші-көлемге ашық. Корей халқының салты бойынша қонаққа деп жайылатын дастарқан үстіндегі тамақ-сусын саны тақ болуы қажет екен.

Антонина Огай, кәріс ұлттық мәдени орталығының мүшесі:

- Көптеген кәрістер бауырмал қазақ елінде өткен ғасырдың 30-жылдарынан бері тұрып жатыр. Бүгінге дейін ұлттық салт-дәстүрімізді жоғалтмай, тұрақтылықты ту еткен Қазақстанда бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлыстың ұлы күнін өз отбасым бала күнімнен бері ас-сусынға мол дастархан басында тойлап келеді. Есейіп, тұрмысқа шыққан соң да дәстүрге айналған жоралғыны жалғастырып келемін.

Хабар 24 телеарнасы