411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дезинфекциялық материалдардың барлығы талапқа сай

  • 184
  • UPD: 17:39, 01.04.2020
Дезинфекциялық материалдардың барлығы талапқа сай

Дезинфекциялау кезінде қолданылатын өнімдер сертификатталған және адамдар мен үй жануарлары үшін қауіпсіз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, саябақтағы көгершіндердің неліктен өлгені анықталып жатыр. Қалада 8,5 мың көп пәтерлі үй, 23 мың кіреберіс және 4 мыңнан астам аула бар. Дезинфекциялау жұмыстарына 70 бригада, 500-ден астам маман жұмылдырылған. Бұған дейін байланыс ақысы, су, жарық, газ, жылу секілді коммуналдық төлемдер кейінге шегерілген еді. «Бірақ Пәтер иелері кооперативтеріне төленетін жарналар ай сайын төленуі тиіс», деді. Өйткені аула сыпырушылардың, подъездерді жуатын қызметкерлердің, лифтерлер мен сантехниктердің еңбекақысы осы қордан төленеді.

Мейіржан Отыншиев, қалалық тұрғын үй саясаты  басқармасы басшысының орынбасары:

- Ай сайынғы жарналар болмаған кезде басқару органдарының яғни КСК-ның қызметін қамтамасыз ету мүмкін еместігін түсіндіреміз. Күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар жүргізуге мүмкіндігі жоқ меншік иелеріне айыппұл санкцияларын қолданбауды сұраймыз. Яғни, ай сайынғы КСК-ға төленетін жарналар төленуі қажет.

Хабар 24 телеарнасы