419,72 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде карантин талаптары күшейтілгелі бері вирустың жұғу қарқыны бәсеңдеген

  • 416
  • UPD: 18:14, 03.04.2020

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың 11-інің жағдайы ауыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде біреуі өте ауыр деп бағаланып отыр. Олар интенцивті реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр. 68 науқастың жағдайы орташа. 341 адамның денсаулығы қалыпты жағдайда. Ал індет жұқтырғандармен байланыста болғандардың 96,7 проценті анықталды. 13025 азамат стационарлық немесе үй карантиніне алынды. Жалпы карантин талаптары күшейтілгелі бері елде вирустың жұғу қарқыны бәсеңдеген. Мәселен, Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз апта басталғалы жұғу дерегі азайды. 28 наурыздан бері Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде індетті жұқтырғандар саны 60-тан он беске дейін қысқарған. Ал Алматыда 8-ден екіге азайды. Жалпы коронавирустың 30 проценті ұжым арасында таралатыны анықталған.

Елжан Біртанов, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Өкінішке қарай, кейбір өңірлерде мәселен Түркістан, Қызылорда облысында тек қана қала емес, ауылдық жерде аудандық деңгейде науқастар тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы