412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада еңбек мигранттары елден шыға алмай жатыр

  • 116
  • UPD: 22:45, 06.04.2020
Польшада еңбек мигранттары елден шыға алмай жатыр

Польшада шекара жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вокзалдар мен әуежайлар жұмыс істемейді. Елге кіру де, одан шығу да қиындай түскен. Бұл жайт әсіресе еңбек мигранттарына қиын болды. Қазір Польшада шамамен 2 млн-ға жуық сырттан келген жұмысшы бар. Олардың басым бөлігі көршілес Укрина мен Беларусь елдерінің азаматтары. Жалпы Польшада коронавирустан 100 адам көз жұмса, 4 мың адам дерт жұқтырған. Ал ел билігі індеттің өршу кезеңі әлі алда деп болжайды. Сондықтан, карантиннің қашанға созылары беймәлім.

Хабар 24 телеарнасы