413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысы толықтай карантинге жабылды

  • 126
  • UPD: 07:44, 09.04.2020
Жамбыл облысы толықтай карантинге жабылды

Бұған күн санап өршіп бара жатқан қауіпті індет себеп болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта 27 жерде блок-бекеттер қойылып, карантиндік шаралар күшейтілді. Өңірдің барлық елді мекендерінде кез келген автокөлік және тұрғындардың еркін жүріп-тұруына тыйым салынған. Медициналық көмекке жүгіну, азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуға, мемлекеттік және әлеуметтік көмек алу үшін мекемелерге баруға ғана рұқсат. Сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайлар тіркелген кезде жүріп-тұруға рұқсат болады. Ал үйде отырған азаматтарға тұрғылықты мекенжай маңында 30 минуттан артық серуендеуге тыйым салынады. Қоғамдық көліктер күніне үш мезгіл жүріп жатыр. Мамандар 65 жастан асқан адамдарға, созылмалы аурулары бар тұрғындарға мейлінше далаға шықпауға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы