426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда карантиндегі тұрғындарға концерт ұйымдастырылды

  • 385
Петропавлда карантиндегі тұрғындарға концерт ұйымдастырылды

Петропавлда волонтер әншілер ерекше акция бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар карантиндегі тұрғындардың құрметіне арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Ал шарапаты мол шараны өткізуге облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мұрындық болып, қолдау білдірген. Осылайша төрт топқа бөлінген жергілікті көркем өнерпаздар карантинге жабылған 12 көп қабатты үйдің подъездерінің алдында өз өнерлерін көрсетіп, қиын сәтте тұрғындардың көңілін бір көтеріп тастады. Ал оқшауланған азаматтар болса балконға шығып би билеп, керемет әсер алды. Мұндай концерт емханалардың алдында да өтті.

Қымбат Оспанова, облыстық филармония директорының орынбасары:

– Халық өте қуанып жатыр. Мінекей, бізді қолдап жатыр. Шапалақтарын аямай жатыр. Сонымен бізде өте қуаныштымыз. 30 минуттық концерттік бағдарламамен келіп отырмыз. Әндерге келсек, еліміз, жеріміз туралы әндер  әкеліп отырмыз. Кішкене көңілді әндеріміз де бар.

Хабар 24 телеарнасы