427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жақын күндері ақтөбеліктер коронавирусты анықтайтын экспресс-тестілеуден өте алады

  • 368
  • UPD: 13:44, 15.04.2020
Жақын күндері ақтөбеліктер коронавирусты анықтайтын экспресс-тестілеуден өте алады

Алдағы күндері ақтөбеліктер коронавирусты анықтайтын экспресс-тестілеуден өте алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шамамен 24 мың адамды қамту көзделіп отыр. Қаладан өзге, аудандардағы емханаларда да жүргізілетін болады. Ең алдымен тәуекел тобына жататын жандар тартылмақ. Індетті тез анықтауға мүмкіндік беретін экспресс-тестілер осы аптада Ақтөбеге жеткізіледі. Өңір 24 мың данасына тапсырыс берген. Бүгінде аймақ бойынша инфекциялық, провизорлық және карантиндік госпитальдарда 270 адам жатыр. Ал, сынамалар қаладағы екі бірдей зертханада талданады. Жуырда тағы бірін іске қосу көзделген.

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бұл экспресс-тест, әрине, 100%-тік диогностикаға мүмкіндік бермейді. Бірақ 90-95%-ке дейін анализ арқылы қандай иммуноглобиндердің барлығын анықтауға мүмкіндік береді. Осы экспресс-тест жасау арқылы біз потенциалды ауруларды анықтап, оны әрі қарай зерттеуге алатын боламыз

Хабар 24 телеарнасы