423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жітіқарада коронавирус анықталған зейнеткерлерге немересі қонаққа барған

  • 261
  • UPD: 14:53, 15.04.2020
Жітіқарада коронавирус анықталған зейнеткерлерге немересі қонаққа барған

Қостанай облысының Жітіқара ауданында коронавирус анықталған зейнеткерлердің үйіне Наурыз мейрамында Көкшетаудан немерелері барған.

Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Зейнеткерлердің өздері блок бекеттерден өтпеген.

5 сәуір күні қарт адамдар өздерін нашар сезінген. Одан соң 12 сәуірде зейнеткерлер жедел жәрдем шақырып, тест нәтижесінде коронавирус инфекциясы расталды.

Хабар 24 телеарнасы