418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантинде бала тууына байланысты 30 мың жәрдемақы рәсімделді

  • 436
  • UPD: 15:44, 17.04.2020
Карантинде бала тууына байланысты 30 мың жәрдемақы рәсімделді Tumba.kz

Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері 10 мыңнан астам әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айырылу төлемін, 20 мың отбасы баланың тууына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұрын тек ХҚО арқылы көрсетілген қызметтер, оның ішінде жүктілікке байланысты жәрдемақы бойынша өтініштерді порталдағы «Электронды өтініштер» сервисі арқылы қабылдау мүмкіндігін жасады.

Декрет демалысына шыққан жүкті әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, жеке құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айырылу парағының сканерленген көшірмесін және төлем аударылуы тиіс банк шотын қоса жолдауы тиіс. Енді ғана балалы болған отбасылар үшін egov.kz порталының «Отбасы» – «Бала» бөлімінде баланың тууына және оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды рәсімдеуге мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады.

Сондай-ақ Мобильді азаматтар базасында тіркеуі бар жас аналар проактив қызметін пайдалана алады. Ол арқылы баланың тууын тіркеп, тиісті жәрдемақыны рәсімдеп, сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады.

Ақпарат көзі: «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы