429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада 1893 медицина қызметкері үстемақы алды

  • 361
  • UPD: 14:30, 21.04.2020

Бас шаһарда 1893 медицина қызметкерінің жалақысына үстемақы қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады. Оның айтуынша, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген жалпы өтемақы мөлшері 646 млн теңге. Үстеме көлемі сала мамандарының атқарған жұмыс уақыты мен тәуекел деңгейі бойынша тағайындалады. Мәселен, наурыз айында атқарған қосалқы қызмет үшін үстемақы 10 сәуірге дейін төленді. Бірінші тәуекел тобы бойынша 400 қызметкер, екінші топта 950 және үшінші топта 543 адам өтемақы алды.

Еске сала кеткен жөн, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қалалық әкімдік жанынан арнайы комиссия құрылды. Комиссия жұқпалы індетпен күресуге тікелей атсалысып жүрген медицина мамандарына үстемақы тағайындаумен айналысады. Бірінші тәуекел тобындағыларға 850 мың теңге, екінші топтағы мамандарға 425 мың теңге және үшінші топ қызметкерлеріне 212 мың теңгеден төленеді.

Хабар 24 телеарнасы