420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да келесі аптадан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады

  • 304
  • UPD: 13:41, 15.05.2020
ШҚО-да келесі аптадан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады

Шығыс Қазақстан облысында келесі аптадан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар алдымен кәсіпкерлерге қызмет көрсетеді. Оның өзінде кезекке алдын ала жазылу керек. Қазір орталық қызметкерлері адамдарды қабылдауға дайындалып жатыр. Арақашықтықты сақтауға бағытталған арнайы белгілер орнатылуда. Келушілер міндетті мүрде маска тағулары керек. Ал, орталық іші сәт сайын дезинфекцияланып тұрады. Ескерте кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды портал арқылы алуға келмейтін құжаттар ғана беріледі.

Мөлдір Заруетқызы, «Азаматтарға арналған үкімет» МК ОФ баспасөз қызметкері:

- Мысал ретінде жүргізуші куәлігін жаңадан алу, зейнетақыға байланысты онымен қатар жеке бас куәлігіңізді ауыстырулар жатады. Ал, енді қалған 608 қызмет электронды қызмет порталы арқылы жеке және заңды тұлғалар өздері интернет бар жерде портал арқылы немесе қалта телефоны арқылы порталдан алуына болады.

Хабар 24 телеарнасы