426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 300 тонна картоп рәсуа болды

  • 261
  • UPD: 21:39, 18.05.2020
ШҚО-да 300 тонна картоп рәсуа болды

Шығыстағы Шемонайха ауданында қыстай сақталған 300 тонна тұқымдық картоп рәсуа болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпкердің айтуынша, алдын ала келісімшартқа сәйкес, өнімді жылда наурыз айының соңына қарай оңтүстіктегі шаруалар сатып әкететін. Биыл төтенше жағдай жарияланып, карантиннің енгізілуі салдарынан  сатып алушы тарап  бұл жаққа жете алмай қалған. Оңтүстіктегі тасқын да кедергі келтірді. Сөйтіп, жоғары сапалы тұқымдық картоп қоймада қалып қойған. Екі айдың ішінде әбден өсіп-өніп, енді шіріп жатыр. Кәсіпкер іліккенін іріктеп, жарамдысы қалса жергілікті жұртқа сатып амалдамақ. Алайда сұраныс аз. Шығын көлемі шамамен 13-15 миллион теңге.

Омарқан Баяндинов кәсіпкер:

– Биыл карантиндік шектеуге орай бұл жоспардан шыға алмай қалдық.Оңтүстіктегі тұтынушыларымыз келе алмай, жіпсіз байланды. Енді біз өнімнің кейбір жарамдыларын жергілікті жұртқа сатып амалайдық десек,өтпей жатыр. Сұраныс аз. Өйткені халықта бұндай тұқымдық өнім онсыз да бар. Сөйтіп  табысты айтпаған күннің өзінде күзге дейінгі айналымға түсетін қаражаттан қағылдық. Еңбегіміз еш кетті.

Еңбегі еш кеткен кәсіпкерге атқарушы орган тарапынан көмек көрсетіле ме?  Шаруа иесінің шығыны өтелуі мүмкін бе? Бұл  туралы біз тиісті сала басшыларына сұрау салдық. Алдағы уақытта жауаптарын жеткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы