412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Нұр-Сұлтанда 10 науқас ауыр халде жатыр

  • 200
  • UPD: 13:49, 19.05.2020
COVID-19: Нұр-Сұлтанда 10 науқас ауыр халде жатыр

Елордада коронавирус жұқтырған 685 адам стационарлық ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

10 науқас тұрақты ауыр халде. Екі емделуші жасанды өкпе желдеткішіне қосылған. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова арнайы өткен брифингте хабарлады. Жалпы еліміздің бас шаһарындағы вирус жұқтыру жағдайы соңғы аптада екі есеге азайған.

Атап айтқанда, мамыр айының алғашқы аптасында 376 жағдай тіркелсе, екінші аптада бұл көрсеткіш 185 жағдайға дейін кеміген. Десе де, дерттің емі табылмай, сақтық шараларын естен шығармаған жөн дейді Сәуле Қисықова.

Хабар 24 телеарнасы