412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төтенше жағдай кезінде елімізге 9 мемлекеттен гуманитарлық көмек келді

  • 214
  • UPD: 14:31, 20.05.2020

Төтенше жағдай кезінде елімізге 9 елден гуманитарлық көмек келді. Оңтүстік Корея, Қытай , Түркия мен Үндістан медициналық жабдықтар және дәрі-дәрмек жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

40 мыңнан астам қоғаныш костюмі, 18 мың бетперде және 52 мың тест ауруханаларға таратылған. Көмек қолын созған елдер пневманияны емдейтін және вирусқа қарсы 100 мыңға жуық препарат берген. Бұл дәрілерді фармацевтика саласындағы бірыңғай оператор қабылдап алып, сапасын тексерді. Содан соң, денсаулық сақтау министрлігімен бірігіп, індет жұқтырғандардың саны көп өңірлерге жөнелтіп отырды. Мекеме өкілдерінің айтуынша, шетелден келген дәрі-дәрмектің халықаралық сапа сертификаты бар.

Берік Шәріп, бірыңғай дистрибьютор компанияның басқарма төрағасы:

– Жеткізілетін гуманитарлық көмектің ішінде қандай құжат болуы керек екендігі жөнінде арнайы тізім бар. Ол бірінші, сапа сертификаттары және өнімдер сертификаттары болуы керек. Және, әрине, нұсқаулықтар. Әрине, енді қазақша, орысша болмаса да, халықаралық тіл ағылшын тілі, сол ағылшын тілінде нұсқаулықтар бізге жеткізіледі. Соның бәрін тексереміз.

 

Хабар 24 телеарнасы