415,57 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Брендті аяқ киімдерді қолдан тіккен алматылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • 388
  • UPD: 20:27, 25.05.2020
Брендті аяқ киімдерді қолдан тіккен алматылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысының тұрғыны спорттық аяқ киімдерді тігіп әлемдік брендке айналған тауар белгісімен сатқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның заңға қайшы әрекетін экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері әшкерледі. Ісмер азаматтың қоймасынан 800 жұп талапқа сай келмейтін көшірме тауар тәркіленді. Күдіктінің мемлекетке келтірген шығын көлемі 19 млн теңге. Қазір аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы