427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы блок-бекеттер әзірге алынбайды

  • 360
  • UPD: 17:21, 26.05.2020
Елордадағы блок-бекеттер әзірге алынбайды

Келер айдан бастап елордада қала маңындағы елді мекендерге қоғамдық көлік қатынауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов бас шаһардағы инфекциялық ахуал тақырыбына арналған брифинг кезінде айтты. Осыған байланысты кез келген жерде, әсіресе қоғамдық көлікте санитарлық талаптар бұрынғыша қатаң сақталуы керек деді қала басшысы. Автобуста медициналық бетперде тақпаған жолаушыларға айыппұл салынады. Жалпы төтенше жағдай режимі кезінде карантин тәртібін бұзған 5 мыңнан астам азаматқа айыппұл салынып, мыңға жуығына ескерту жасалды. Күн сайынғы рейд барысында санитарлық нормаларды сақтамауы себебінен 26 нысан жабылды.

Хабар 24 телеарнасы