410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында үш ауданда карантин режимі жеңілдетілген жоқ

  • 101
  • UPD: 13:46, 27.05.2020
Алматы облысында үш ауданда карантин режимі жеңілдетілген жоқ

Алматы облысында карантиндік режим жеңілдетілгенімен, өңірдегі Кеген, Талғар аудандары мен Талдықорғанда шектеу шаралары алынған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені аталған аймақтарда індет жұқтырғандар саны артып келеді. Мәселен, облыс орталығының өзінде ғана бір тәулік ішінде короновирус жұқтырғандар көрсеткіші 27%-ке көбейген. Яғни, сырқаттанғандар саны 60 адамға жетті. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты шаһарда қауіпсіздік талаптары күшейтілген күйінде сақталып отыр. Санитарлық бекеттер қалыпты жағдайда қызмет көрсетіп, жолаушыларды қала аумағына тексеріп кіргізуде. Ал, шаһар ішіндегі қызмет көрсету мекемелерінің талапқа сай болуын арнайы құрылған жұмыс тобы тексеріп жатыр.

Қайрат Баймұхамбетов, облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

- Талдықорғанда екі мобильді топ бар. Демалыс күні, сенбі, кеше, бүгін рейд жасап жүрмін. Хаттама толтырылды. Бірақ түсіндіру ғана. Бұдан кейін өрескел бұзушылық болса, сотқа жолдаймыз. Сотта айыппұл салынады. 8 мың теңгеден 555 мың теңгеге дейін. Өрескел бұзушылық болса, объектілердің жұмысы тоқтатылады.

Хабар 24 телеарнасы