423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Есіл өзенінде балықтардың жиналып қалуының себебі түсіндірілді

  • 357
  • UPD: 10:01, 28.05.2020
Есіл өзенінде балықтардың жиналып қалуының себебі түсіндірілді Экспресс К

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл өзеніндегі балықтардың жиналып қалғаны туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратқа байланысты 2020 жылғы 26 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Қазгидромет» РМК Экологиялық мониторинг департаментінің Қоршаған ортаның ластану мониторингі сынақ зертханасының қызметкерлері 3 нүктеде жоспардан тыс су сынамаларын іріктеуді жүргізді.

Су сапасының бірыңғай жіктемесінің шекті нормасының асып кетуін талдау нәтижелері бойынша сынамаларды алудың барлық нүктелерінде 37,1-47,2 мг/дм3 (1,1,-1,3 есе артық) оттегіні химиялық тұтыну бойынша тіркелді.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Ақпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне жіберілді.

2020 жылғы 31 мамырда 5 тәулік орындалатын «оттегіні биохимиялық тұтыну (5)» талдау нәтижелері жарияланады.

 

Хабар 24 телеарнасы