405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында биыл 917 шақырым жол жөнделеді

  • 201
  • UPD: 22:02, 30.05.2020
Түркістан облысында биыл 917 шақырым жол жөнделеді

Түркістан облысында жыл соңына дейін 917 шақырым жол жөнделеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған жергілікті бюджеттен 42 млрд теңге бөлінді. Кентау қаласында алты шақырымнан асатын тоғыз көше жаңа кейіпке енеді. Шам бағаналарын орнату, тротуарлар төсеу жұмыстары да қатар қолға алынған. Өткен жылы облыс жолдарын қалыпқа келтіруге шамамен 50 млрд теңге жұмсалған. Сөйтіп,1200 шақырым болатын теп-тегіс жол игілікке берілген. Жол жөндеу жұмыстары жергілікті халықты жұмыспен қамтуға да септігін тигізді.

Мұрат Ибрагимов, Кентау қаласының тұрғыны:

– Биржаға жазылып қойғанмын. Екі-үш жыл болды. Содан жұмысқа келдік, тас жол салу. Асфальт жаятын. Жұмыс істеп жатырмыз. Бір-екі айдың көлемі болды. Жұмыс жаман емес, істеуге болады. Айлығын алып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы