417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы блок-бекеттер алынды

  • 254
  • UPD: 00:18, 01.06.2020
Елордадағы блок-бекеттер алынды

Нұр-Сұлтан қаласында бақылау бекеттері алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді көліктер еркін қатынай алады. Елорда маңындағы елді мекендерге автобустар жүре бастайды. Қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00-ден түнгі 22:00-ге дейін қатынайды. Қоғамдық көліктер толық зарарсыздандырылады. Ал жүргізушілерге қойылатын басты талап – бетперде тағып, қолғап киіп отыруы тиіс. Жолаушылар да автобусқа медициналық маскасыз міне алмайды. Жол ақысын қолма-қол төлеуге болмайды. Ереженің сақталуын көліктік бақылау департаментінің мамандары үнемі тексеріп отырады.

Хабар 24 телеарнасы