419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда «Нұрлы жер» аясында үйлерге жүргізілген жөндеу жұмыстары талапқа сай емес

  • 277
  • UPD: 08:51, 01.06.2020

Таразда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көп қабатты үйлерге жүргізілген жөндеу жұмыстары талапқа сай емес. Жамбыл адалдық алаңы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері былтыр жаңғыртылған 8 үйді тексеріп, бірталай былықтың бетін ашты. Мониторингтік топтың зерделеу жұмыстары нәтижесінде бірнеше тұрғын үй қайта жөндеуден өткізіледі.

Таразда 521 көп қабатты тұрғын үйдің тозығы жетіп тұр. Бұл үйлердің 90 проценті 30 жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген.

Хадиша Ниятбекова, қала тұрғыны:

- Төртінші этажға су өткенде страшно өтеді. Үшіншіден, төртке өткенде, екіге дейін өтіп жатыр. Бірінші этажға дейін өтіп жатыр.

Нұрмахан Спашев, қала тұрғыны:

- Өзіміз ақша шығарып әйтеуір ауыстырамыз. Жамаймыз жылда. Енді көріп жатырсыз ғой. Су ағып жатыр бәрі. Осы подвал сасиды да жатады.

Менделеев көшесіндегі мына үй «Нұрлы жер - 2020, 2025» бағдарламасы аясында биыл жөнделетін үйлер тізіміне енген. Биыл бұл бағытта соңғы 5 жылдан бері республикалық бюджеттен алғаш рет 3,3 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қаражат 80 баспананы жөндеп алуға жеткілікті. Қазір тұрғындар құрылыс басталар күнді тағатсыздана күтіп отыр.

- Менің документтерімнің бәрі тұр. Соны көрсін да сосын барып айтсын. Неғылам ол документтерді. Өздерің жасап алғансыңдар. Вот жаса мынау подъездің бәрін жаса. Подъезд давай ремонт сделайте все...

Ал 5-ықшам аудандағы 6-үйдің тұрғындары дәл осы бағдарламамен үйлерінің шатыры мен жертөлесін былтыр жаңғыртқан. Мердігер жұмысты бітіріп тапсырған. Алайда жұмыстың сапасыз әрі толық істелмегенін жұрт бүгін біліп отыр. Оны Жамбыл адалдық алаңы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары анықтап, көпшіліктің көзінше әшкерелеп берді.

Алексей Мирзоев, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мониторингтік топ мүшесі:

- Міне мына жерде термометр, монометр деген құрылғылар мүлдем жоқ. Болмаған да. Бұл жүйенің дұрыс жұмыс істеуін көрсетіп тұратын маңызды құрылғылар. Сметада анық көрсетілген. Оларды орнату да ақша тұрады. Бұл мұндағы былықтың бір көрінісі ғана.

Тексеру жүргізген мониторингтік топ 6-үйге қатысты 15 кемшілік анықтады. Айтуларынша, сметалық құжаттамада көрсетілген талаптар орындалмаған. Істелмеген жұмыс пен орнатылмаған құрылғылардың жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асады. Ал мердігер мұнымен келіспей отыр. Ол орнына басқа жұмыстарды істеп бердім деп ақталды.

- Міне үш миллион. Тоқтаңыз енді осы жерден добавляемый, исключаемыйды алсын да осы жерден. Осы жерден көріңдер. Біз оны түсінбейміз. Исключаемые и добавлямое это просто такая вот уловка в рамках закона, которое дает подрядчику возможность избежать уголовной ответственности.......

Нәзима Дәрменқызы, «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы:

- Жертөлесі мен шатырды жөндеу бойынша келісім-шартқа 51 миллионға тұрған. Жұмыс жасалды деп жасалмаған жұмысты көрсеткен. Десе де, ол мына кемшіліктерді орнына қалпына келтіру керек. Келтірмеген жағдайда мына қаражатты жаңағы жасалған жұмыстан шығарып тастауы тиіс. Өйткені бұл әр тұрғын төлеу жұмыстарын бастап кеткен. Әрқайсысы өзі төлеп жатыр.

Бағдарламаға сәйкес, үйді жөндеуге кеткен қаржыны тұрғындар 8 бен 15 жыл аралығында кері қайтаруы тиіс. Мониторингтік топ өкілдері «мердігер талапты орындамаса қарапайым жұрт істелмеген жұмыс үшін ақша төлейді» деп отыр. Ал мердігер анықталған кемшілікті құжат жүзінде мойнына алмаған. Қайта қалыпқа келтіріп беруге тек ауызша ғана уәде берген көрінеді.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Тимур Сейілхан

Хабар 24 телеарнасы