405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ерекше аумақтар мемлекеттік деңгейде қорғалуы тиіс – Нұрлан Нығматулин

  • 105
Ерекше аумақтар мемлекеттік деңгейде қорғалуы тиіс – Нұрлан Нығматулин

Бурабай мен Іле-Алатауы ұлттық табиғи парктері ерекше қорғалуы тиіс.

Әйтпесе, бірегейлігі мен құндылығын жоғалта бастады. Бұл аумақтардағы өсімдік пен жануарлар дүниесіне де залал келтіру жайттары кездеседі. Бүгін Мәжіліс отырысында «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа заң жобасын Мәжіліс депутаттары әзірледі. Олар экологиялық туризмді дамытамыз десек, ерекше аймақтарды қалыпқа келтіру керек дейді. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, мақсатты пайдаланылмай жатқан  жерлерді заң аясында қайтарып алып, ерекше қорғауға алуға болады. Мысалы, стартегиялық маңызы бар құрылыс салуға бөлініп, кейін қараусыз қалған жерлер көп. Заңдағы өзгерістер мұндай жерлерді мемлекетке қайтару процесін жеңілдетіп, құқықтық жағынан реттейді.

Хабар 24 телеарнасы