421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудан Шымкентке әуе рейсі ашылуы мүмкін

  • 326
  • UPD: 18:16, 06.06.2020
Атыраудан Шымкентке әуе рейсі ашылуы мүмкін turkystan.kz

Атырау халықаралық әуежайынан Шымкент қаласына қатынайтын әуе рейсі ашылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, алғашқы кезекте «Атырау-Шымкент» және «Шымкент-Атырау» әуе рейсін ашу жоспарланып отыр.

«Екі қала арасындағы әуе тасымалын қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы жүзеге асырады деп күтілуде. Өйткені, Атырау облысы әкімдігінің бастамасымен «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен FlyArystan авиакомпаниясы арасында келіссөз басталды. Мақсат – жолаушыларды қолжетімді авиабилетпен қамтамасыз ету»,- деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тараптар келісімді талқылап, ортақ мәмілеге келсе, Атырау қаласынан тұрақты жолаушылар рейсін бастау туралы келісімшартқа қол қою жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы