421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында «Қолжетімді әкімдік» жобасы жүзеге асырылып жатыр

  • 460
  • UPD: 08:46, 11.06.2020
Ақмола облысында «Қолжетімді әкімдік» жобасы жүзеге асырылып жатыр

Ақмола облысында «Қолжетімді әкімдік» жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түрлі мекеменің табалдырығын тоздырмай, барлық мемлекеттік қызметті бір жерден алуға мүмкіндік беретін орталық қазір қалалық және аудандық әкімдіктерде ашылуда. Мәселен, бұрын тұрғындар жер телімін алу үшін алдымен жергілікті әкімдікке келіп өтініш жазып, одан жер қатынастары бөліміне біраз құжат тапсыратын. Ал ол құжаттардың өзін бірнеше мекемеден алуға тура келетін. Қазір осының бәрі «бір терезе» қағидатымен жасалуда. Әрі мұндай орындар  ғимараттың тек бірінші қабатына жайғасқан. Мәселен, осындай алаңқай, облыста алғашқылардың бірі болып Степногорск қаласында ашылды. Онда құрылыс, жер қатынастары, сәулет және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері отырады. Сондай-ақ, электронды Үкімет порталын пайдалануға мүмкіндік беретін бұрыш та бар. Ал мәселесі күрделі азаматтар сол жерде-ақ тікелей қала басшылығымен кездесе алады.

Айта кетейік, бүгінге дейін мұнда халыққа 2 мыңнан астам қызмет түрі көрсетілген.

Гүлзада Нұрғалиева, Степногорск қалалық әкімдігі аппаратының бөлім жетекшісі:

– Ауылдық әкімдіктерде де өз-өзіне қызмет көрсететін бұрыштар ашылған. Яғни, оларға қалаға келудің қажеті жоқ. Ал осындағы «Қолжетімді әкімдіктің» жұмысын одан әрі жақсарту үшін тағы бірнеше терезені іске қосуды жоспарлап отырмыз. 

Татьяна Лисицына, қала тұрғыны:

– Бұл халыққа қызмет көрсету орталығына немесе басқа да мекемеге барып жүргеннен гөрі өте ыңғайлы және тез. Мен мәселен, сурдоаудармашымын. Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істеймін. Оларға көп мәселеде көмектесемін. Сондықтан осында жиі келемін.

 

 

Хабар 24 телеарнасы