420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада іргетасы үгітіліп жатқан үйдің тұрғындары қауіпсіздігіне алаңдаулы

  • 329
  • UPD: 21:44, 11.06.2020

Ал елордада 150-ден астам отбасы паналап отырған көп қабатты үйдің іргетасы үгіліп жатыр. Оны не сүріп тастау керек, не күрделі жөндеу жүргізу қажет. Баспананың төбесі бір күні басымызға түсе ме деп алаңдаған жұрт билікке осындай талап қойып отыр.

Елдордадағы мына көп қабатты үйдің іргетасы 1975 жылдары қаланған. Әу баста наубайхана жұмысшыларына жатақхана ретінде қолданылған. Кейін жекеге сатылады. Содан бері жөндеу көрмепті. Қазір мұнда 150-ден астам отбасы тұрады. Көбі зейнеткер немесе әлеуметтік жағынан аз қамтылған. Сондықтан өз күшімен үйге күрделі жөндеу жүргізуге шамасы келмейді. Ал нысанға қызмет көрсететін компания басшысы онсыз да шығынға батып отырғанын айтады. Себебі жамайтын жыртық көп. 

Биахмет Тананов, тұрғын үйге қызмет көрсететін компания басшысы: 

- Былтыр қазан айынан бастап акиматтың өтініші бойынша мынау иесіз қалған дүние, қыс болса келіп қалды. Үй дайын емес қысқа, сіз үлкен басыңызбен көмектесіп жіберіңіз дегеннен кейін акиматтың өкілдерімен келдік. Өз ақшамызды салып, үйді қысқа дайындап, оның ішінде жылуы бар, суы бар, канализациясы бар, төбесі бар, асты бар дегендей өз ақшамызды нетіп, халықтан жинап аламыз деген ниетпен дайындадық. Бірақ үй түпнұсқасында құлағалы тұрған үй. 

Үйдің қалдық суы тазартылмағандықтан мына жертөлеге құя берген. Салдарынан үйдің айналасы сыз тартып, көріп тұрғандарыңыздай, астындағы бөлігі құлап ішіне түсіп жатыр. 

Тұрғындар үйдің үгілген іргесін қолдан жамауға тырысқан. мынадай тастардан қойып, көбікпен бекітіп. Бірақ мұның қашанға дейін шыдайтыны белгісіз. 

Іргетасы үгілгеннен кейін қабырғасы да жарыла бастаған. Шатырдан су сорғалап, кей жерлерінде жоғарыдан кесек құлайды. Ашық-шашық жатқан электр желілері ешқандай қауіпсіздік талабына сай келмейді. Кез-келген сәтте өрт шығуы мүмкін. Бұл аз десеңіз, тамақ пісіруге арналған ортақ бөлме жоқ. Тұрғындар аядай жерде газ жағып, шәй қояды. Электр плитасын қосса тоқтың сымдары бықси бастайды. Ал өрт кезінде қолданылатын қосымша есікткің бәрі әлдеқашан бітеліп тасталған. 

Наталья Понедельникова, тұрғын:

- Екі жыл бұрын электр желілеріне салмақ түсіп, от тұтанды. Полиция қызметкерлері мен өрт өндірушілер келіп, тексерген болды. Сол кездегі үйге қызмет көрсететін компания басшысы оларды сыртқа алып шығып сөйлесті. Сонымен жабулы қазан жабулы күйде қалды.

Үлкендер жағы үйдің жағдайына алаңдап жүрсе, кішкентайлардың уайымы басқада. Ойын баласы ауланы көріңізші дейді. 

- Жыртықтарын жамадық өзіміз табылған ағаштар сымдармен жамадық. Ана жерде темір терсекті жинап, барлығымыз поляны жамадық. Ана жер әлі доканца бітелген жоқ. Просто ойнағанда, жүгіргенде тесіктер көп та. біз шалынып құлай береміз. 

Енді іргесі үгілген үй тұрғындарының да, балалардың да бар үміті әкімдікте. Олар ескі нысан сүріліп, жақсы қоныс бұйырса дейді. Болмаса мемлекет қаржысына күрделі жөндеу жүргізілсе деген үміттері бар. Ал әкімдік өкілдері мәселені шешудің өзге жолын ұсынды. 

Азамат Жанаев, Байқоңыр ауданы тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы: 

- 2019 жылы Ақ жол 28 а көшесіндегі жатақханасына техникалық тексеру өткізілді. Соның нәтижесі бойынша оның апаттық деңгейі 49 пайыз болып шықты. Үйді апаттың деңгейге қосу үшін пайызы 60 тан жоғары болу керек. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында «Нұрлы жер» бағдарламасы өткізіліп жатыр. Сол бағдарлама бойынша үйдің тұрғындары мемлекеттік қайтарым бағдарламасына қаьысуға мүмкіндіктері бар. 

Ал тұрғындар несие алып, үйге жөндеу жүргізуге келіспейді. Себебі көбі зейнеткер және алақандай ғана 15 шаршы метрлік бір бөлме үшін қарыздар болғысы жоқ. Олардың айтуынша нысанның әбден тозығы жеткен, сондықтан шығын өзін ақтамайды. 

Авторлары: Талғатбек Әбді-қожа, Ғани Алшынбаев

Хабар 24 телеарнасы