418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың бас санитар дәрігері кинотеатрлардың ашылуына қатысты түсінік берді

  • 230
  • UPD: 15:24, 12.06.2020
Елорданың бас санитар дәрігері кинотеатрлардың ашылуына қатысты түсінік берді

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева қаладағы кинотеатрлардың ашылуына қатысты түсінік берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Кинотеатрлардың ашылуы тақырыбына тоқталсақ, бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бүгінде тиісті қаулы әлі шығарылмады. Егер де қаулыны шығаратын болсақ, онда көрермендерді отырғызудың барлық алгоритмдері мен кинотеатрларды ашу кезіндегі қажетті шаралар ескеріледі», - деді Жанна Пірәлиева Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Хабар 24 телеарнасы