419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында жазғы лагерьдің ашылуы кейінге шегерілді

  • 426
  • UPD: 09:58, 16.06.2020
Алматы облысында жазғы лагерьдің ашылуы кейінге шегерілді

Алматы облысында карантиннің күшеюіне байланысты балаларды сауықтыру лагерлерін ашу кейінге шегерілді. Өңірде 27 жазғы лагерь бар.

Онда қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Эпидемиологиялық жағдай реттелмейінше аталған нысандар оқушыларды қабылдамайды. Олардың алдағы уақыттағы жұмысы Алматы облысы бойынша бас санитарлық дәрігердің шешіміне байланысты болмақ. Ал мектеп жанындағы демалыс орындары биыл жұмыс істемейді. Жетісу өңірінде 385 мың баланы жазғы демалыспен қамту жоспарланса, соның 40 мыңнан астамы көп балалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасынан шыққан жеткіншектер. 

Қайрат Баймұхамбетов, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы: 

- 515 жағдай тіркелген біздің облыста, 19-ы қала мен аудандағы жағдайлар. 352-сі сауығып шықты осындай инфекциядан. Өсу қарқыны 2 пайыздан төмен болғанда жаңағы лагерьлерді ашамыз. Өйткені біздің балалар ол жерде дамалуы керек, сауығуы керек, иммунитеттерін көтеруі керек. Мектеп-интернат жанындағы лагерьлер биыл ашылмайды.

Хабар 24 телеарнасы