418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғам белсенділері жаңа кодексті қызу талқылады

  • 149
  • UPD: 14:13, 17.06.2020
Қоғам белсенділері жаңа кодексті қызу талқылады

Парламент қабылдаған жаңа денсаулық кодексін бүгін қоғам белсенділері талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейбірі вакцина қабылдамаған балаларды балабақшаға алмау – азаматтардың құқығын шектеу болып есептелетінін айтты. Мәселен, белгілі невропатолог елімізде вакцина әзірлеу тәжірибесі жоқтығын да тілге тиек етті. Сондықтан ол жоғарыда аталған ережені алып тастауды ұсынды. Бұдан бөлек, Қайырғали Конеев адамның мүшелерін алуға да қарсы. Жаңа кодекс бойынша адамның миы өлген кезде оның органдары алынбақ. Алайда адам мүшесін қай мекемелердің алуға құқылы екені нақтыланбаған. Дәрігердің айтуынша, жекелеген клиникалар да адам органдарын ала бермек.

Қайырғали Конеев, балалар дәрігері, невропотолог:

– Адамда биологиялық өлім тіркелгенде емес, оның миы қызметін тоқтатқан кезде ағзасы алынбақ. Ал мидың өлуін Американың өзінде кей кезде қателесіп тіркеп жатады. Сонда адамның миы бір кезде тоқтаса болды, оның органын ала беруге болады дегенді қалай түсінеміз. Бұған біз қарсымыз.

Хабар 24 телеарнасы