430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

20 маусымнан бастап қазақстандық туристер үшін 6 мемлекетке жол ашылады

  • 488
  • UPD: 20:58, 19.06.2020

Олар Түркия, Қытай, Грузия, Таиланд, Жапония және Оңтүстік Корея, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзір күніне 7 рейс болады деп жоспарланып отыр. Аптасына 49 рейс сапарға шығады. Туристік операторлар үшін бұл өз бизнесін жандандыруға оңтайлы мүмкіндік. Ал пандемия жағдайында туристердің демалысы қалай болмақ?

Владимир Гаврюшин жыл сайын демалысқа Түркияға ұшады екен. Суда жүзуді жаны сүйеді. Биік толқындар мен алыс қашықтықты бағындырған ұнайды. Жерорта теңізіне әдетте сәуір, мамыр айларында барғанды ұнататын едім. Биыл бұл кезеңді карантинде өткіздік дейді ол.

Владимир Гаврюшин, турист:

– Біз алыс қашықтыққа жүземіз. Сондықтан мұндай әуесқой әрекетті жылы суда жасаған өте ыңғайсыз. Сондықтан биылғы маусымды өткізіп алдық. Енді күзде бармасақ, білмеймін.

Туристік нарық саяхатшыларды көбірек тарту үшін түрлі жолдарды қарастыруда. Карантинде өткен үш ай туристик компанияларға кері әсер еткені анық. Алматыда 1504 туристік компанияның әзірге 5 пайызы ғана жұмысқа кірісті. Алда не болары тағы белгісіз. Карантинде табыссыз қалған азаматтар шетелге демалысқа баруы екіталай. Оның үстіне, шекара жабылмай тұрып, жолдама алғандардың 10 пайызы өз ақшаларын қайтаруды талап етуде.

Максим Банин, туристік компанияның негізін қалаушы:

– Қазір демалыстарын жазғы уақытқа жоспарлаған біздің тұрақты туристеріміз қызығушылық танытып жатыр. Жолдамалар көп сатылуда.

Туристерді қонақ үйлерде қалай қабылдайды, ол жағы әзірге белгісіз. Белгілісі – ұшар алдында және ұшып келген соң жолаушылардың дене қызуы тексеріліп, сауалнама толтырылады. Ал Түркия барып келгендер ПТР тест тапсыруы керек.

Дастан Рыспеков, ҚР мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы:

– Қазақстан Республикасына шетелден тұрақты емес рейстермен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары мынадай тәртіппен жүргізіледі. Ол мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде алынған сәттен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР тексерудің теріс нәтижесі туралы анықтама берген адамдарды қоспағанда, барлық адамдар зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулік карантиндік стационарда оқшаулауда болады.

Қазір шетелдегі демалыс құны арзандаған. Бұрын Түркияға жолдама алу үшін 100 пайыз төлем жасау керек болатын. Ал бүгінде туристік операторлар 30 пайызын төлеуге мүмкіндік беріп отыр. Қалған соманы ұшар алдында төлесе болады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Анастасия Вылегжанина Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы