432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аягөзде көше көркейту жұмыстары қарқындады

  • 482
  • UPD: 07:59, 22.06.2020
Аягөзде көше көркейту жұмыстары қарқындады

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында аулаларды абаттандырып, көшелерді көркейту жұмыстары қарқын алып келеді.

Қазір көп қабатты тұрғын үйлердің есік алды түбегейлі өзгерістерге ұшырап жатыр. Мұнда халықтың демалып, балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін жан-жақты жағдайлар жасалмақ. Бұл жобаға «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 104 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ көшелерді жарықтандырып, жаңадан спорт алаңдарын салуға 200 миллион теңгеден артық қаражат қарастырылып отыр. 

Қуаныш Азыханов, Аягөз қаласының әкімі:

- Біз бүгінгі күні аулалар бойынша орталықтағы 3 ауланы жақсылап абаттандыру жұмысын бастап кеттік. Оның ішінде үлкен көп қабатты үйлердің қасбеттерін бояу да соған кіріп отыр. Сондықтан да осы халықтың жұмыс істеп, өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мәселесі бойынша жұмыстар атқырылып жатыр. 

Анар Тәңірбергенова, Аягөз қаласының тұрғыны:

- Бірінші рет өзгеріс, үйімізді де дұрыстап бояп жатыр. Балаларымыз баратын жер жоқ. Осы жерге дұрыстап жасаса, біз де уайымдамай, олар көзіміздің алдында ойнап жүре береді ғой. Мен ойлағам, футбол алаңы болса деп. Оны да жасайды екен. Балалар ойнайтын әткеншек, дене шынықтыру жабдықтарын жасағалы жатыр екен. Осылай Аягөзіміз көркейе берсе, біз риза болушы едік.

Хабар 24 телеарнасы