418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бұрын сотты болған түркістандық екі көлікті заңсыз айдап кеткен

  • 222
  • UPD: 10:32, 23.06.2020
Бұрын сотты болған түркістандық екі көлікті заңсыз айдап кеткен

Түркістан облысының полицейлері екі көлікті заңсыз айдап кеткен тұрғынды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Жетісай ауданы полицейлері ұрлық жасап сотты болған, жазасын өтеп шыққанына екі күн болмастан қайтадан бірнеше рет қылмыс жасаған күдіктіні құрықтады.

Нақтырақ айтсақ, Жетісай аудандық полиция бөліміне екі күн ішінде екі тұрғын арызданып, көліктерін белгісіз біреу заңсыз айдап кеткенін жеткізген. Жәбірленушінің бірінің көлігі үйінің алдында көше бойында тұрған жерінен жоқ болса, ал екінші тұрғын дәмхана алдында тұрған «ВАЗ 21070» маркалы көлігін таппай қалғанын хабарлаған. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 1 миллионнан асты.

Аталған жайттар СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Арызданушылардың көлігін табу мақсатында аудандық полицейлер қажетті шараларды іске асырды. Соның нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында анықталғандай күдікті бірінші тұрғынның көлігін заңсыз айдап кеткен. Содан Жетісай ‒ Шардара қалаларының бойындағы су тоғаны жанына келіп, көліктің 15 000 теңге болатын аккумуляторын жымқырып оқиға орнынан бой тасалаған. Мұнымен шектелмеген күдікті екі күннен кейін ішімдік ішіп, мас халде мейрамхана алдында тұрған тағы бір тұрғынның көлігін иеленіп, Мақтаарал ауданына қарай айдап кеткен. Осылайша Мақтаарал ауданы көшелерінің біріне көлікті қалдырып, оның 10 мың теңгелік автомагнитолласын ұрлап, басқа біреуге 1500 теңгеге сатып кеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары жәбірленушілердің автокөліктерін, оның ұрланған бөлшектерін тауып, айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иелеріне қайтарды.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда аталған жайттар ҚР ҚК-нің 200, 188-баптарымен тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға көліктерді ашық қалдырмау керектігін ескертеді. 

Хабар 24 телеарнасы