428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл ел ішінде автомобиль көлігімен 5,3 млн жолаушы тасымалданды

  • 291
  • UPD: 15:28, 24.06.2020
Биыл ел ішінде автомобиль көлігімен 5,3 млн жолаушы тасымалданды

Жыл басынан бері автомобиль көлігімен республика ішінде 5,3 млн жолаушы, 675,3 млн тонна жүк тасымалданды.

Ал халықаралық қатынаста 2,3 млн тонна жүк тасымалданса, оның ішінде экспорт 640 мың тонна, импорт 1,7 млн тонна болды. Сонымен қатар 380 мың тонна транзиттік жүк тасымалданды, деп хабарлады ҚР ИИДМ.

2020 жылдан бастап әлеуметтік маңызды бағыттарда қызмет ететін тасымалдаушылар қосымша құн салығын төлеуден 3 жылға босатылады. Осыны көздейтін заң жобасы қазіргі кезде Мәжілістің қарауында.

Қазіргі уақытта автомобиль тасымалдары саласында 3,5 мыңдай кәсіпорын жүк тасымалдаумен айналысады. 1 мыңдай кәсіпорын тұрақты автобус тасымалдарын жүзеге асырады. Олардың 17,5 мыңнан астам автокөлігі бар.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әлемде COVID-2019 коронавирустық инфекциясының таралуына және елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты мынадай шараларды қабылдаған еді:

Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолиямен 117 тұрақты автобус бағыты тоқтатылды;

халықаралық тұрақты емес және транзиттік жолаушылар тасымалына тыйым салынады;

карантин енгізілген өңірлерге/өңірлерден жолаушыларды облысаралық және қалааралық тасымалдау тоқтатылды;

карантин енгізілген аймақтарда автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысы тоқтатылды;

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктеріне төтенше жағдай режимі кезеңінде өңірлерде автокөлікпен жолаушылар тасымалдауды шектеу бойынша ұсынымдар жолданды;

шет мемлекеттердің құзыретті көлік органдарына халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдау кезінде санитарлық іс-шараларды сақтау қажеттігі туралы ұсынымдар жіберілді;

Қытаймен, Ресеймен, Қырғызстанмен және Өзбекстанмен мемлекеттік шекара арқылы 20 жеке автомобиль өткізу пункті уақытша жабылды.

Ал халықаралық және республикаішілік қатынаста автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауға шектеулер енгізілмегенін айта кету керек. Қазіргі уақытта бағдарлардың қысқаруына немесе тоқтатылуына байланысты қазақстандық автобус тасымалдаушыларының ахуалына сараптамалық бағалау жүргізіліп, саланы қолдауға қатысты ұсынылатын шаралар қарастырылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы