412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында шектеу шаралары ұзартылды

  • 78
  • UPD: 21:02, 30.06.2020
Қостанай облысында шектеу шаралары ұзартылды qazaqstan.tv

Қостанай облысында шектеу шаралары тағы да ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24.

Әзір қанша уақытқа екені белгісіз. Рұқсат етілген сауда орындары мен дәріханаға келушілер тек бетпердемен кіруі тиіс. Бұл қатаң бақыланатын болады. Облыс тұрғындарына аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпау туралы ескертілді. Саябақтарда 3 адамнан артық топтасып жүруге болмайды. Кезекші топтардан өзге барлық балабақшалар мен білім беру орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылады. Халыққа қызмет көрсету орталығы мен шағын бизнес өкілдерінің жұмыс уақыты 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін қысқартылады. Театр, кинотеатр, барлық деңгейдегі ойын алаңдары мен түнгі клуб, караоке-бар сынды көңіл көтеру орындарының жұмысына толық тыйым салынды. Қостанай облысында бүгін коронавирус жұқтырудың 27 дерегі тіркелді. Індет жұқтырғандар саны 500-ге жуықтады. 230-дан астам науқас сауығып шықса, 3 адам көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы