417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вирустық инфекция белгілері болса, антибиотиктерді қолданбау керек – Бюрабекова

  • 496
  • UPD: 11:57, 01.07.2020
Вирустық инфекция белгілері болса, антибиотиктерді қолданбау керек – Бюрабекова

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова халықты өз бетімен емделмеуге шақырды.

«Вирустық инфекцияны емдеу үшін бактерияға қарсы препараттар қолданылмайтынын еске саламын. Бекітілген емдеу хаттамасында бактерияға қарсы терапия пневмонияны тудыратын бактериялық инфекцияның қосылуына байланысты стационарларда жатқан науқастарға ғана қолданылады», - деді Бюрабекова ОКҚ-да өткен брифингте.

Ол вирустық инфекция белгілері бар болса, өз бетімен антибиотиктерді қолданбау керек екенін ескертті.

Хабар 24 телеарнасы