418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы уақытша тоқтатылады

  • 140
  • UPD: 12:48, 02.07.2020
Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы уақытша тоқтатылады

Мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап 14 күнге бірқатар шектеу шарасын енгізу туралы шешім қабылдады.

Көлік қатынасына мынадай шектеулер енгізіледі:

  1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;
  2. Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, теміржол қатынасын сақтау (шектеулермен);
  3. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;
  4. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.

Айта кетсек, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті.

Хабар 24 телеарнасы