431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында дәрігер тапшылығы сезілді

  • 265
  • UPD: 23:43, 02.07.2020

Ақмола облысының ауруханаларына дәрігерлер жетіспей жатыр. Онсыз да жәй уақытта 500-ге жуық маман тапшы болса, қазір тағы 120 медицина қызметкері қажет.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы осылай дейді. Себебі осыншама дәрігер, коронавирусқа шалдыққан. Одан бөлек пневмониямен ауырып жатқандары қаншама. Шұғыл қажеттілік туындағаны соншалық, бүгін «уотсап» әлеуметтік желісінде «Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасына дәрігерлер қажет» деген хабарлама тарады. Ол жерде қандай медицина маманы болса да жұмысқа алынатыны айтылған.

Айта кетейік, қазір аталған аурухананың барлық бөлімшесі босатылып, коронавируспен күреске дайындалған. Жалпы аймақта қазір қауіпті індет жұқтырғандарды емдеу үшін 2 мыңнан астам төсек жабдықталған. Ал бүгінге дейін облыста 1200 адам осы дертке шалдықты.

Нариман Сыздықов, Көкшетау қалалық көп салалы ауруханасының бас дәрігері:

- Коронавирустық инфекциямен күресуге біздің де уақытымыз келді. Біздің Көкшетау ауруханымызға дәрігерлер шұғыл түрде қажет болып жатыр. Ол эпидемиологтар, реаниматологтар, анестезиологтар және жұқпалы аурулар дәрігерлеріне біз өте мұқтажбыз. Бізге де кез келген мамандықтағы дәрігерлер қажет боп жатыр. Өте қажет.

Хабар 24 телеарнасы