418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық оқушылар бетперде тағуға ыңғайлы бекітпе ойлап тапты

  • 245
  • UPD: 15:27, 03.07.2020
Алматылық оқушылар бетперде тағуға ыңғайлы бекітпе ойлап тапты

Бетперде тағуға ыңғайлы бекітпе.

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қорғаныш құралының жаңа үлгісін ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай нұсқадағы маскаға әсіресе медицина мамандарының арасында сұраныс артқан. Бұған дейін олар бетпердені үздіксіз тағып жүрудің салдарынан құлақ терісінің тітіркеніп, қолайсыздық тудыратынын айтқан болатын. Құрылғы 3D принтерде басылып, ересектер мен балаларға ыңғайлы етіп дайындалды. Өйткені бетперде резеңкесі адамның желке тұсында орналасатын бекітпеге ілініп, ыңғайсыздық туғызбайды. Оқушылар өздері ойлап тапқан бекітпенің алғашқы партиясын Алматы қалалық нөмірі 7-клиникалық ауруханаға ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы