429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда айналма жол қолданысқа берілді

  • 286
  • UPD: 15:37, 07.07.2020
Қарағандыда айналма жол қолданысқа берілді

Қарағандының солтүстік шығысын айналып өтетін жол пайдалануға берілді. Ұзындығы 48 шақырымнан асады.

Жаңа трасса халықаралық талаптарға сай. Ол «Нұрлы жол» бағдарламасын жетілдіруге бағытталған «Орталық-Оңтүстік» жобасы бойынша іске асты.

Жаңа жолдың бойында жеті жолайырық бар. Құрылыс жұмыстарына 3 мың адам қатысты. Мәліметтерге қарағанда бүгінде облыс орталығынан тәулігіне 22 мың автокөлік өтеді. Олардың қала сыртымен айналуы шаһардың экологиялық ахуалына да оң әсер етеді дейді мамандар. Жалпы облыста Балқаш, Бурылбайтал арқылы Жамбыл мен Алматы бағытындағы жолдың жобасы және Жезқазған-Қызылорда, Жезқазған-Қарағанды тас жолының жобасы әзірленіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы