418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан дәріханаларында парацетамол жоқ

  • 153
  • UPD: 20:04, 08.07.2020
Түркістан дәріханаларында парацетамол жоқ

Түркістандағы дәріханаларда вируске қарсы қажетті дәрі-дәрмек табылғанымен, парацетамол әлі де жоқ.

Бұған біздің тілшілеріміз облыс әкімдігі жанындағы Арнайы мониторингтік топпен бірге дәріханаларға жасаған рейд кезінде көз жеткізді. Сондай-ақ бақылау тобы бірнеше дәріхананың дәрі-дәрмек бағасын қымбат бағамен сатқанын анықтады. Одан бөлек кейбірінде кассалық аппарат болмай шықты. Мамандардың айтуынша, ол да бағаны көтеруге ықпал етеді. Сонымен қатар бір де бір дәріханадан парацетамол табылмады. Фармацевттер оны Түркістан қаласында дәрі сақтайтын қойманың жоқтығымен байланыстырады. Сондықтан олар қажетті препараттың бәрін Шымкенттен алдыртанын айтады. Тексеру нәтижесі бойынша мамандар арнайы акт толтырып, құзырлы органдарға тапсырмақ.

Дәулет Тағыбаев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Барған 6 дәріхананың төртеуінде қымбат бағамен сатылғаны анықталды. Ол енді заң шеңберінде қаралады. Бір дәріханада болса, екіншісінде жоқ. Бұл алдыңғы уақытпен салыстырғанда Түркістан қаласы мен облысында көтерме саудамен реттеле бастағанын көрсетеді. Бүгінгі таңда сатылымда бар. Ұзын сонар кезек жоқ. Алдыңғы жетімен салыстырғанда бұл жеітдегі сұраныс төмен және баяу деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы