417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтау іргесінен табылған арыстанды оңтүстіктегі зоопарктер қабылдауға дайын

  • 433
  • UPD: 09:18, 09.07.2020
Ақтау іргесінен табылған арыстанды оңтүстіктегі зоопарктер қабылдауға дайын

Бір ай бұрын Маңғыстау облысында қолға түскен арыстанның 1 жыл 7 айлық күшігін оңтүстік өңірлердегі зоопарктер қабылдауға дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақшұқыр ауылы маңында жүрген жыртқышты полицейлер ұстап, карантинге дейін Ақтауға жеткен елордалық циркке тапсырған еді. Алайда олар таяу күндері кері қайтпақшы. Торда жолбарыс, тағы басқа хайуандар болғандықтан арыстанды өздерімен бірге алып жүре алмайды. Осы себепті жанашыр азаматтар қала әкіміне хабарласып, мәселеге араласуды сұрады. Көп кешікпей, Шымкент және Алматыдағы зоопарк қызметкерлері байланысқа шығып, «Симба» есімді түз тағысын асыруға әзір екендерін мәлімдеген.

Кирилл Осин, «Эко-Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі:

– Ақтау мен Шымкент әкімдерінің келісімге келгені жайлы хабарлама таңертең келіп түсті. Біздің түсінуімізше, оңтүстіктегі қалалық зоопарк ұжымы вольер болмауына қарамастан, олар «Симбаны» қабылдауға дайын екендерін мәлімдеген. Ал түске таман Алматыдағы қоғамдық қор өкілі маған хабарласты. Ол Алматыдағы зоопаркте арыстанды ұстайтын орын жасақтауға қаржы бөлмекші. Айтуынша, қазір онда дайындық жүріп жатыр. Таяу күндері құжаттарды рәсімдеу аяқталған соң арыстанның күшігі сол жаққа жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы